Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Швеция Украинаны энергиямен қамтуға 111 миллион доллар бөледі

Бұл қаржы инфрақұрылымды жөндеуге және ұзақ мерзімді перспективада энергиямен қамтуды нығайтуға бағытталған
Sputnik
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Швеция Украинаны энергиямен қамту саласына 111 миллион доллар бөледі. Бұл туралы корольдік үкіметі хабарлады.
"Үкімет Украинаның энергетика секторын қолдауға арналған бір миллиард швед кроны (шамамен 111 миллион доллар – ред.) көлеміндегі жаңа көмек пакетін жариялады", – делінген үкіметтің ресми сайтындағы хабарламада.
Жазбада бұл қолдау елдің энергия өндіру қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, инфрақұрылымды жөндеуге және ұзақ мерзімді перспективада энергиямен қамтуды нығайтуға бағытталғаны аталып өткен.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина Еуроодақтан қаржылық көмек сұрады