АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған шақалақтың мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
3 ақпанда Әуезов полиция бөлімінің кезекші бөліміне отбасында қоқыс жәшігінде сүлгіге оралған жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жеткен.
"Іс-шаралар барысында үйде босанған 20 жастағы қыз анықталды. Оның айтуынша, бала өлі туған. Сотқа дейінгі тергеу барысында баланың денесін контейнерде қалдырған қала тұрғыны анықталды", - дейді полицияда.
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберіледі, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады және болған оқиғаға қатысушылардың екеуінің де әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, дейді полицияда.