Астанада екінші ауысымдағы оқушылар да онлайн оқиды

Бұған Астанада қалың қар жаууы мен көктайғақ себеп болып отыр
Sputnik
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Бүгін елордада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды. Бұл туралы білім басқармасы хабарлады.
"2026 жылғы 6 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін білім басқармасы тек бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқуға көшетінін хабарлаған.
Синоптиктердің мәліметінше Астанада бүгін қалың қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Таңертең және күндіз жаяу бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Астанада оқушылар ертең онлайн оқиды