Астанада ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр

Қолайсыз ауа райы республикадағы әуе және жердегі қозғалысқа әсер етіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Синоптиктер Қазақстан аймақтарында қолайсыз ауа райы туралы ескертті.
6 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты Семей мен Астанадағы мектеп оқушылары қашықтықтан оқуға көшті.
Астана жолдарында көлік кептелісі байқалады. Елорда әуежайы әкімшілігінің мәліметінше, қолайсыз ауа райы рейстердің кешігуіне де әкелді.
Әуежайдың хабарлауынша, кестеде өзгерістер болуы мүмкін. Бүгінге барлығы 79 ұшу және 78 келу рейсі жоспарланған.
Астана уақыты бойынша сағат 13:30-дағы жағдай бойынша 10 келу және екі ұшу рейсі кешікті.
"Кешігулер ауа райы байланысты болып отыр. Біз жолаушылардан әуе компаниясымен рейс мәртебесін тексеруді және әуежайдың онлай-таблосынан рейс туралы ақпаратты бақылап отыруды сұраймыз", - делінген әуежай мәлімдемесінде.
Астана әуежайында 40-қа жуық рейс кешігіп жатыр