АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу үшін өз қызметін, оның ішінде келіссөз өткізуге алаң ұсынуға әзір, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Біздің көзқарасымыз бойынша бейбітшілікке (Украинада – ред.) қарсыласушы тараптар арасындағы келіссөз арқылы жетуге болады. Қазақстан арағайындық рөл атқаруға ұмтылмаса да, мұндай мүмкіндік туындаса, біз өзіміздің ізгі қызметімізді, оның ішінде бейтарап келіссөз алаңын ұсынуға дайынбыз", – деді Тоқаев Пәкістанның The News International газетіне берген сұхбатында.
Президент жағдайдың өте күрделі екенін және негізгі мәселе әлі де территориялық сипатта екенін атап өтті. Ол Қазақстан тек саяси және дипломатиялық жолмен шешім табуды қолдайтынын айтты.
Бұған дейін Тоқаев Қазақстан Украина мен Ресей арасындағы келіссөзге алаң ұсынуға және оны ұйымдастыру үшін барлық қажетті жағдайды жасауға дайын екенін мәлімдеген еді.