АСТАНА, 5 ақпан - Sputnik. Өскеменде жеке пәтерде болған өрт арнайы қызметке қиындық тудырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Өскеменде пәтер өртеніп жатыр. Өрт сөндірушілер қоқыс толы үйдің өртін сөндіріп қана қоймай, қоқысын шығарып әуреге түсіп жатыр.
"Өрт сөндірушілер өрт ошағына жету үшін үй толы қоқысты шығаруға мәжбүр болды. Өрт қоқыстан шыққан", - дейді Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.
Пәтерден 1 газ баллоны шығарылды. Абырой болғанда өрт көрші пәтерлерге тараған жоқ.
Бірақ өрт сөндірушілер пәтер толы қоқысты әлі де шығарып жатыр.