Фото

NAIS-2026 көрмесінде авиация, "Пиранья", дрондарға қарсы қару көрсетілді

Мәскеуде "Крокус-Экспо" орталығында авиация, әуежай және аэродром инфрақұрылымын дамытуға арналған НАИС-2026 көрмесі өтіп жатыр. Ауқымды іс-шараға Ресей, Беларусь және Қытайдан 200-ден астам компания қатысуда
Sputnik
ДРОНТЕХ 2026 –НАИС (Ұлттық авиациялық инфрақұрылым салоны) аясындағы ұшқышсыз технологиялар бағыты негізінде қалыптасқан мамандандырылған көрме. Мұнда ұшқышсыз ұшу аппараттарын, автономды жүйелерді және озық AI шешімдерін пайдаланатын жетекші өндірушілер де, интеграторлар да, тұтынушылар да бар.
1 / 12

Жеке экспозицияда DRONTECH заманауи авиация мен пилотсыз технологиялар саласындағы соңғы әзірлемелер көрсетіліп жатыр.

Суретте: МИ-34m1 жеңіл моторлы көп мақсатты тікұшақ.

2 / 12

Ми-34м1 тікұшағы ВК-650В қозғалтқышы салынған Ми-34С жеңіл тікұшағының жаңартылған нұсқасы болып саналады.

Суретте Ми-34м1 жеңіл бір моторлы көп мақсатты тікұшақ.

3 / 12

Мұнда "Калашников" концернінен бастап биіктікте ұшатын дрондар, жалпы азаматтық дрондардың толық желісі ұсынылды. Олар экономика мен өмірдің әртүрлі салаларында белсенді қолданылады.

Суретте: "Крокус Экспо" халықаралық көрме орталығы 13-ші ұлттық авиациялық инфрақұрылым салонының көрмесіндегі "Калашников" концернінің стенді.

4 / 12

Бірегей "Пиранья" дрондары, бұл – 4,5 килограмға дейін пайдалы жүктемені көтере алатын ресейлік FPV дрондарының сериясы. Олардың артықшылығы – ұшқышсыз ұшу аппараттары бірегей радиожиіліктерде жұмыс істейді. Оларды Ульяновскіде орналасқан "Пиранья" Симбирск конструкторлық бюросының (СКБ) мамандары шығарады.

Суретте: "Крокус Экспо" ХҚО 13-ші ұлттық авиациялық инфрақұрылым салонының көрмесіндегі "Пиранья" дрондары.

5 / 12

"Radar-IQ" қарсы іс-қимыл кешені (суретте) маңызды инфрақұрылым объектілерінің, арнайы және режимдік объектілердің аумағын, сондай-ақ жеке меншікті жер үсті және әуе қатерлерінен қорғауға арналған.

"Radar-IQ" периметрін қорғау жүйесінің негізінде импульстік - доплер принципіне негізделген радиолокациялық типтегі қозғалыс детекторлары (DR-және GR- "радарлар") жатыр. Бұл детектор қозғалыстағы нысанды анықтап, ақпаратты жинайды. Мысалы нысананың мөлшері, жылдамдығы, қозғалыс бағыты, сондай-ақ нысананың кеңістіктегі орнын анықтап береді.

6 / 12

"Крокус-Экспо" орталығындағы көрмеде DJI дрондарының ең қызықты өзекті модельдері ұсынылған. Олар әртүрлі күрделі тапсырманы орындай алады.

Суретте: көрмеге келуші "Крокус Экспо" ХКО 13-ші ұлттық авиациялық инфрақұрылым салонының көрмесінде DJI квадрокоптерін тамашалап тұр.

7 / 12

Беларусь кәсіпорындары да көрмеге қатысып жатыр. Атап айтқанда БелАЗ стендінде әуеайлақ тракторларының модельдері ұсынылған.

Суретте: "Крокус Экспо" ХКО 13-ші ұлттық авиациялық инфрақұрылым салонының көрмесіндегі "БелАЗа" стенді.

8 / 12

Суретте: кең форматты коллиматорлық индикатор – "КРЭТ" стендінде Раменский конструкторлық бюросы әзірлеген алдыңғы әйнектегі индикатор (ILS).

9 / 12

Көрмеде дрондармен күресуге арналған жүйелер мен кешендердің нұсқалары – барлық өлшем мен тип көрсетілді.

Суретте: "Крокус Экспо" ХКО 13-ші ұлттық авиациялық инфрақұрылым салонының көрмесіндегі дрондарға қарсы қару.

10 / 12

Альфа-Е әмбебап пилотсыз электр тікұшағы аэрофототүсірілімге, әуе лазерлік сканерлеуге, бейнемониторингке, магнитті барлауға, жүк тасымалдауға, өртке қарсы патрульге және адамдарды іздеуге арналған.

Бұл электр ұшағы кез келген қатты жерден, тіпті қозғалып бара жатқан нысаннан ұшып кете алады. Бұл құрылғыны жеңіл автокөлікпен де тасымалдауға болады. Бір адам 15 минутта құрастырады. 3 мың метр биіктікке дейін ұша алады. Ал жұмыс температурасының диапазоны -30-дан +45°С-қа дейін.

Суретте: "Крокус Экспо" ХКО 13-ші ұлттық авиациялық инфрақұрылым салонының көрмесінде "Альфа-Е көп мақсатты пилотсыз электр тікұшағы".

11 / 12

Суретте: "Крокус Экспо" ХКО 13-ші ұлттық авиациялық инфрақұрылым салонының көрмесінде Ресейдің Ту-214 орта магистральдық ұшағы бейнеленген плакат.

12 / 12

Суретте: "Крокус Экспо" ХКО 13-ші ұлттық авиациялық инфрақұрылым салонының көрмесіндегі авиасимулятор.