Мәскеудегі "NAIS - 2026" көрмесінде қорғанысқа арналған бірегей дрондар ұсынылды

"Крокус-Экспо" орталығында заманауи авиациялық жүйелер көрсетілді
Sputnik
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Мәскеуде авиация, әуежай және аэродром инфрақұрылымын дамытуға арналған ең ірі көрме - "NAIS - 2026" өтіп жатыр.
Бұл ауқымды іс-шараға Ресей, Беларусь және Қытайдан 200-ден астам компания қатысып жатыр. ДРОНТЕХ жеке көрмеде пилотсыз технология саласындағы соңғы жетістіктер көрсетіледі.
"NAIS - 2026" көрмесі
Мұнда "Калашников" концерні таулы аймақтарға арналған дрондарды қоса алғанда, азаматтық дрондардың толық желісін ұсынды. Олар экономиканың әртүрлі салаларында және күнделікті өмірде, сондай-ақ арнайы әскери операция аймағында белсенді қолданылады.
Мысалы, қос мақсатты Supercam дроны – барлау және бақылауға арналған. Оны әзірлеушілер дронның әскери тапсырмаларды орындау үшін өте қажет екенін айтады. Құрылғы нысананы анықтау мен соққы жасау арасындағы уақытты қысқартады.
"Бір қызығы, Supercam бастапқыда әскери салады қолданылмаған. Ол тек азаматтық міндеттерді орындаған. Оны алғаш рет 2016 жылы Беларусь Қарулы күштер үшін сатып алды.
"Supercam Ресей армиясына тек 2022 жылы, арнайы әскери операция кезінде барлау дрондары жетіспеген кезде ғана келді. Еріктілердің өздері оны майданға жіберді, сондықтан ол Ресей әскеріне жол ашып, өте маңызды орын алды деп айтуға болады. "Ол Ресей армиясының көзі мен құлағыны айналды деуге негіз бар", - деді ''Беспилотные системы'' компаниялар тобының ресми өкілі Екатерина Згировская.
"Supercam" дроны
Оның айтуынша, дрондар тек әскери салада ғана қолданылады деген қате пікір. Себебі, брондар браконьерлерді бақылау үшін де, қоғамдық рәтіпті бақылау үшін де, мерекелік іс-шаралар кезінде де қолданылады.
Көрмеде ұсынылған тағы бір қызықты дрон - "ұшатын қанат" іспеттес барлауға арналған "СКАТ 350М" ұшқышсыз ұшу аппараты. Ол "Калашников" концернінің Ижевск авиациялық зауытында жасалған.

"Ол күндіз-түні жедел видеомониторинг жасауға арналған. Оларды сондай-ақ азаматтық секторда, мысалы, геодезия, мұнай-газ секторы, отын-энергетика секторы және ауыл шаруашылығында пайдалануға болады", - деді "Калашников" концернінің өкілі Антон Шустов.

''СКАТ 350М'' дроны
Бірақ "СКАТ 350M" көбінесе әскери мақсаттарда, мысалы, арнайы әскери операция аймағында қолданылады.
Сонымен қатар көрмеде "Прожектор" БЕКБ" АҚ конструкторы Андрей Берг аэродромдарға арналған жарық-сигнал жабдықтарын ұсынды. Бұл ұшақтар мен тікұшақтардың тұман мен бағыттың нашар көріну жағдайында қонуына көмектеседі. Берг компанияның Орталық Азия елдеріне өнімдерін жеткізуге дайын екенін айтты.
Светосигнальное оборудование для аэродромов
"Бағыттың көрінуі нөлдік жағдайда да ұшуларды қамтамасыз ету үшін әуежай үшінші санатта болуы керек". Үшінші санатты қамтамасыз ету үшін біз жеткізе алатын жарық-сигналды жабдықтарымыз қажет", - деді Андрей Берг.
Ол радио жүйелері мен әуежайды сертификаттау да қажет екенін, ал ұшу-қону жолағы, қону және жақындау аймағын жарықтандыру жүйелері ұшқыштарға қолайсыз ауа райында да қауіпсіз қонуға болатынын көруге көмектесетінін айтты.
"NAIS - 2026" көрмесі
Ұйымдастырушылар "NAIS - 2026" компаниялар үшін тәжірибе алмасудың тиімді мүмкіндігі екенін мәлімдеді. Іс-шара әскери техника мен заманауи авиациялық шешімдерге қызығушылық танытқан кез келген адам үшін де қызықты.
NAIS 2026 көрмесі: Ми-34М1 жаңартылған жеңіл тікұшағы таныстырылды