АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Еуропа Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөзді тоқтатуға тырысып жатыр, оларға қазір Украина тарапы да қосылды, деді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Қазіргі таңда олар (Еуропа елдерінің басшылары) біз бен америкалықтар арасындағы келіссөзге жол бермеуге және оны тоқтатуға тырысып бағуда, қазір оған Украина өкілдері қосылып жатыр", – деді Лавров Дипломатиялық қызметкер күніне орай RT телеарнасы үшін Рик Санческе берген сұхбатында.
Сонымен қатар министр еуропалықтардың Украина мәселесіне қатысты нақты ұстанымы жоқ екенін, тек Ресейге стратегиялық жеңіліс әкелуді көздейтін қатаң саясатты ғана ұстанып отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ Лавров Ресейдің көрші ретінде қандай Украинаны көруге дайын екенін айтты.
"Бұл ынтымақтас Украина болуы тиіс. Міндетті түрде одақтас емес, бейтарап және қонақжай", - деді Ресейдің сыртқы істер министрі өз сұхбатында.
Бұл тек тұрғындардың құқықтарын құрметтеуді ғана емес, сонымен қатар тілге, білімге және дінге деген көзқарасты да білдіреді, деп атап өтті Лавров.
Айтуынша, "келісімге қол қойған Украинада" халықаралық құқық пен ұлттық азшылықтардың құқықтарына кепілдік беретін Украина Конституциясы бұзылмауға тиіс.