АСТАНА, 5 ақпан - Sputnik. Астанада 28-29 мамырда Еуразиялық экономикалық форум (ЕЭФ-2026) өтеді.
Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалығы аясында ұйымдастырылып отырған іс-шара қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭФ бағдарламалық комитетінің алғашқы отырысы өтті.
Алдағы форумның тақырыбы - "Цифрлық трансформация және сенім экономикасы: жаңа уақыт тәуекелдері". Алты тақырыптық блокқа топтастырылған 30-дан астам іс-шара өтеді деп күтіліп отыр:
Цирфлық трансформация;
ЕАЭО ішкі нарығының сапасы;
Еуразиялық байланыс;
Технологиялар және кооперация;
Форум аясындағы іс-шаралар;
ЕАЭО+
"Алда үлкен ұйымдастырушылық жұмыстар күтіп тұр. Біздің мақсатымыз - биылғы форумды ұйымға мүше мемлекеттер және ең алдымен бизнес үшін шынымен тиімді және пайдалы платформаға айналдыру. Біз мәмілелер жасасу, сенімді серіктестер табу және Еуразия экономикалық интеграциясының жаңа цифрлық күн тәртібін қалыптастыру бойынша жылдың басты іс-шарасын жасап жатырмыз", - деді ЕЭФ-2026 Бағдарлама комитетінің төрағасы Бақыт Сұлтанов.
Форум аясында практикалық бизнес мәселелеріне ерекше назар аударылады. Ұйымдастырушылар арнайы көрме жәрмеңкесі мен ауқымды бизнес бағдарламасын жоспарлады. Бағдарлама компанияларды дамыту үшін нақты құралдар жасауға бағытталған, деп хабарлады ЕЭК.