Ресейде адыраспанды тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған – елшілік

Sputnik
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Қазақстанның елшілігі Ресей Федерациясына кіретін ел азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі құрамында есірткі заттары бар "гармала" ("адыраспан") өсімдігінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы жадынаманы назарға ұсынды.
"Аталған жадынамада Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес "гармала" ("адыраспан") өсімдігінің заңсыз әкелінуі, сақталуы, тасымалдануы және пайдаланылуы үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік шаралары туралы ақпарат берілген", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, елшілік Ресей Федерациясына кіретін Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған жалпы жадынамамен алдын ала танысуды ұсынды.