Қазақстан Пәкістанға 600 электрлі автобус жеткізеді

Екі елдің кәсіпкерлері бизнес-форумда жаңа келісімшарттарға қол қойып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Исламабадта "Қазақстан-Пәкістан" бизнес форумы өтіп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары аясында өтіп жатқан іс-шараға 143 қазақстандық компания мен 180 пәкістандық кәсіпорын қатысуда.
Исламабадта "Қазақстан-Пәкістан" бизнес – форумы өтіп жатыр
Форумның алғашқы нәтижелерінің бірі – алматылық Falcon eurobus компаниясы мен пәкістандық тарап арасында 600 электрлі автобус жеткізу туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстанда шығарылған электрлі автобус
Бірінші партия биыл сәуірде жөнелтіледі деп жоспарлануда. Коммерциялық келісімшарттың жалпы құны – 108 млн доллар. 2027-2028 жылдарға қарай компания Пәкістанға автобус экспортының көлемін 2000 бірлікке дейін ұлғайтуға ниетті.

"Біз автобустардың толық өндірістік циклін жүзеге асырамыз. Бүгінгі "Қазақстан-Пәкістан" бизнес форумы аясында біз үшін ірі нарыққа шығуға жол ашылды. Осы келісімге сәйкес біз жолаушылар тасымалы үшін 600 электрлі автобус жеткіземіз. Сонымен қатар B2B-кездесулер барысында Пәкістан білім министрлігінің өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, оқушыларды тасымалдау үшін 2 000 автобус жеткізу перспективалары туралы келістік", - деді компания басшысы Мұрат Әділханов.

Қазақстанның электрлі автобусына Өзбекстан, Моңғолия, Пәкістан және басқа да мемлекеттерден сұраныс артып отыр.