Фото

Әлемдегі қар ең көп жауатын қалалар - фото

Sputnik
Әлемдегі ең көп қар жауатын қалалар бар. Суреттер топтамасынан қар құрсауында ұзақ уақыт мүлгіп жататын 10 қаланы көре аласыздар.
1 / 10

Аомори, Жапония.

Қала Хонсю аралының солтүстік жағалауында орналасқан. Аоморидегі қар үйінділерінің биіктігі 8 метрге дейін жетуі мүмкін. Қарашадан сәуірге дейін қар жауады, бұл уақытта жолдар қарлы лабиринттерге айналады.

2 / 10

Петропавловск-Камчатский, Ресей.

Бұл қала Ресейдегі ең қарлы шаһарлардың бірі болып саналады. Мұнда қыс қарашадан сәуірге дейін созылады, қыс айларындағы орташа температура -8°C (14°F) құрайды.

3 / 10

Таңертең қар басқан қала Муданьцзян, Қытай.

Қытайдағы ең қарлы қала. Жылдың соңында қаһарлы қыс келіп, тауларда қар жауа бастағанда, Муданьцзян сиқырлы ертегілер әлеміне айналады.

4 / 10

Сиракузы, АҚШ.

Онтарио көліне жақын орналасқандықтан, қалаға жиі солтүстік-шығыс циклондары әсер етеді . Сиракузыда жыл сайын шамамен 3,15 метр қар жауады.

5 / 10

Сагеней, Канада.

Бұл салыстырмалы түрде Канаданың жас қаласы болғанымен, планетадағы ең қарлы аймақтардың бірі ретінде танымал болды. 147 мың халқы бар бұл қалаға жыл сайын 3 метр қар жауады. Қар толассыз жауатын күндер 92-ге жетеді.

6 / 10

Саппоро, Жапония.

Әлемдегі ең қарлы қаланың бейресми атауы Жапонияның Аомори қаласына тиесілі болса, Саппоро Жапонияның екінші қарлы астанасы болып саналады. Мұнда қардың қалыңдығы 5 метрге дейін жетеді.

7 / 10

Монреаль, Канада.

Бұл аймақтағы қыс қарлы және суық: температура көбінесе -30°C-тан төмен түседі, ал ең суық күндері -45°C-қа дейін жетуі мүмкін.

8 / 10

Буффало, АҚШ.

Қала АҚШ-тағы "ең ақ" қала ретінде танымал болды. Мұнда қар өте көп жауады.

9 / 10

Сент-Джонс, Канада.

Ньюфаундленд арасындағы бұл қала Канададағы ең тұманды және желді қала болып саналады. Ол жақта қар үйінділерінің биіктігі әдетте 3,5 метрге жетеді.

10 / 10

Тояма, Жапония.

Бұл да Жапон теңізінің жағалауындағы Хонсю аралының орталығында орналасқан әлемдегі ең қарлы қалалардың бірі. Ылғалды субтропикалық климатына қарамастан, бұл жақта жыл сайын 3,5 метрден астам қар жауады. Тоямадағы қардың барлығы дерлік желтоқсан мен наурыз аралығында жауады, ал қаңтар әдетте ең қарлы ай болып саналады.