АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Мәскеудегі NAIS 2026 азаматтық авиация инфрақұрылымы көрмесінде алғаш рет жаңартылған Ми-34М1 жеңіл тікұшағы таныстырылды, деп хабарлайды РИА Новости "Ростех" мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
"Ростех" мемлекеттік корпорациясы NAIS 2026 көрмесінде соңғы үлгідегі отандық ВК-650В қозғалтқышымен жабдықталған жаңартылған Ми-34М1 тікұшағын алғаш рет таныстырып отыр", – делінген хабарламада.
Ми-34М1 тікұшағы Ми-34С тобына жататын жеңіл тікұшақтың жаңартылған нұсқасы саналады.
Сонымен қатар көрме қонақтары ресейлік "Суперджет" ұшақтарына арналған ПД-8 қозғалтқышымен де таныса алады, деп хабарлады "Ростех".
ПД-8 – екі контурлы турбовентиляторлы қозғалтқыш, оның тарту күші 8 тонна. Ол Superjet-100 жолаушылар ұшағы мен Бе-200 амфибия ұшағына арналған және соңғы ресейлік материалдар мен озық технологияларды қолдана отырып жасалған.
Корпорация сонымен қатар әуежайларға арналған алғашқы отандық телетрапты да ұсынып отыр.
Телетрап алдын ала сынақтан сәтті өтті және жақын арада тәжірибелік пайдалануға жіберіледі.
NAIS 2026 XIII ұлттық азаматтық авиация инфрақұрылымы көрмесі мен форумы 4-5 ақпанда Мәскеудегі "Крокус-Экспо" орталығында өтеді.