Теннистегі тарихи сәт: 17 жастағы қазақстандық үздік ондыққа кірді

Ол Australian Open-2026 жарысында сәтті өнер көрсетіп, ITF Juniors рейтингінде жоғарылады
Sputnik
АЛМАТЫ, 3 ақпан – Sputnik. 17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Australian Open турниріндегі сенсациядан кейін әлемдік рейтингтің үздік ондығына кірді, деп хабарлайды Sport.kz.
Заңғар Нұрланұлы Австралияда өткен жасөспірімдер ашық чемпионатының жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.
Ол жекелей сында бақ сынады. Жаңартылған рейтингте Заңғар үш орынға көтеріліп, 12-ші орыннан 9-шы орынға шықты.
Естеріңізге сала кетейік, Australian Open жартылай финалында Заңғар Нұрланұлы америкалық теннисші Китон Ханстан 3:6, 2:6 есебімен жеңілді. Қазіргі таңда Ханс 7-ші орында. Ал финалда Ханс словениялық Жиге Шешкодан 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
"Әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады": Тоқаев Рыбакинаны құттықтады