Серік Сәпиев пен оның орынбасары жұмыстан кетті

Бұған дейін басқарма басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов төбелесіп қалды
Sputnik
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысының әкімдгі Серік Сәпиев пен оның орынбасары жұмыстын кеткенін хабарлады.
"Дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды", - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін басқарма басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов төбелесіп қалды. Бас кезінде екеуінің арасындағы мәселе шешілген сияқты болды. Бірақ артынан Сәпиев жанжалдың неден туындағанын ашық айтты. Спорт министрі де осы жанжалға қатысты пікір білдірген болатын.
Серік Сәпиев орынбасарымен не себепті жанжалдасқаны туралы айтып берді