Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Мемлекет басшысы Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысады деп жоспарланған
Sputnik
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады.
"Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Шахбаз Шарифпен және президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысады деп жоспарланған.
Ресей президенті Үндістанға мемлекеттік сапармен барды - видео