Президент журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны БАҚ-та жариялау кезінде конструктивті жұмыс істеуге үндеді
Sputnik
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Президент Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары Әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда "Заң мен тәртіп" қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келе жатқанына назар аударды.
Президент мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны, сондай-ақ тұтас мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған басқа да ауқымды өзгерістерді БАҚ-та жариялау кезінде конструктивті жұмыс істеуге үндеді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында патриотизм ұғымына жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан қарап, заңды құрметтеу арқылы егемендігімізді және тәуелсіздігімізді қорғау ұлты мен дініне қарамастан әрбір отандасымыздың міндеті екенін айтты", - деді Айбек Смадияров.
Мемлекет басшысы отандық журналистер осынау аса маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға толайым табыс пен бақ-береке тіледі.
Еске салайық, 2023 жылы 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып белгіленді. Бұл датаға 1913 жылдың 2 ақпанында Орынбор қаласынан "Қазақ" газетінің алғашқы саны жарық көруі себеп болды.
Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады