ЕАЭО елдерінің кеден саласына жасанды интеллект енгізіледі

Әбу-Дабиде ЕЭК өкілдері заманауи технологияларды пайдалану перспективаларын талқылады
Sputnik
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Біріккен Араб Әмірлігінде технологиялық конференция мен көрмеде жасанды интеллектіні кедендік мақсатта пайдалану, сондай-ақ әртүрлі елдердің кедендері арасында ақпарат алмасу мәселелері талқыланды.
Іс-шараға ЕЭК кедендік ынтымақтастық жөніндегі алқа мүшесі Руслан Давыдов қатысты.
Сондай-ақ тауарлардың қозғалысын жеңілдету үшін инновациялық цифрлық шешімдерді енгізу және жүк ағынын бақылаудың ең жаңа интрузивті емес технологияларын пайдалану перспективалары талқыланды.
Әбу-Даби кеден кеңсесінде Руслан Давыдовқа тауарлардың импортын тексеру кезінде жасанды интеллект технологияларын қолдану мысалдары көрсетілді.
Сондай-ақ үшінші елдердің қатысуымен ЕАЭО кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі туралы келісім шеңберіндегі заманауи технологиялар мен өзара іс қимылды Давыдов Өзбекстан қаржы министрлігі кеден комитетінің төрағасы Ақмалқожа Мавлоновпен талқылады.