АЛМАТЫ, 1 ақпан - Sputnik. Павлодарда Ертіс өзені арқылы салынып жатқан жаңа көпір өртенді.
Өрт ошағы жерден шамамен 30 метр биіктікте орналасқан. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер жалынның таралуына жол бермеген.
"Қазавтожол" жол операторының алдын ала болжамынша, өрт дәнекерлеу кезінде ұшқындардан болған дейді. Тексеру жүріп жатыр.
Жоспар бойынша 691 метрлік жаңа көпір төрт жолақты болады.