Ақтауда қоқыс таситын көлік шұңқырға түсіп кетті

Қаланың шағын аудандарының бірінде асфальт төсемінің болмауы оқыс жағдайға әкеп соқты
Sputnik
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Ақтауда қоқыс таситын су жаңа көлік шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлайды Lada.kz.
Қаланың шағын аудандарының бірінде асфальт төсемінің болмауы оқыс жағдайға әкеп соқты.
Оқиға 1 ақпанда сағат 11:30-да болды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған "Zero Waste Ақтау" ЖШС қоқыс тасығышы шұңқырға құлады. Абырой болғанда жұмысшылар зардап шеккен жоқ.
"Техника айтарлықтай зақымданған жоқ. Сақтық шарасы ретінде машина егжей-тегжейлі техникалық тексеру үшін өндірістік базаға жеткізілді", - деп хабарлады техникаға жауапты компанияда.
Үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін маршрутқа резервтік арнайы техника жедел шығарылды. Қоқыс шығару кестесі бұзылған жоқ, дейді компанияда.
Түркістан облысында көпір опырылып құлады