"Әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады": Тоқаев Рыбакинаны құттықтады

Sputnik
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін!", – делінген құттықтауда.
Еске сала кетейік, Қазақстанның теннисшісі Елена Рыбакина 2026 жылғы Australian Open турнирінің жеңімпазы атанды.
Финалда Елена беларусь спортшысы Арина Соболенкомен кездесті. Қазақстандық теннисші бірінші сетті жеңді, есеп – 6:4. Екінші сетте Соболенко басымдық танытты – 4:6. Үшінші сетте Рыбакина 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Елена Рыбакина WTA рейтингінде бесінші орында тұр, ал Арина Соболенко – әлемнің бірінші ракеткасы.
Елена Рыбакина Australian Open турнирінің жеңімпазы атанды