АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның теннисшісі Елена Рыбакина 2026 жылғы Australian Open турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Финалда Елена беларусь спортшысы Арина Соболенкомен кездесті. Қазақстандық теннисші бірінші сетті жеңді, есеп – 6:4. Екінші сетте Соболенко басымдық танытты – 4:6. Үшінші сетте Рыбакина 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Елена Рыбакина WTA рейтингінде бесінші орында тұр, ал Арина Соболенко – әлемнің бірінші ракеткасы.
2025 жылы АҚШ өкілі Мэдисон Киз Аустралияның ашық чемпионатының жеңімпазы атанған болатын, финалда ол отандасы Джессика Пегуланы жеңді.
Айта кетері, Елена Рыбакина бұған дейін 2023 жылы Australian Open турнирінің финалына шыққан еді. Бірақ ол кезде Соболенкодан ұтылды.
Айта кетері, Елена Рыбакина бұған дейін 2023 жылы Australian Open турнирінің финалына шыққан еді. Бірақ ол кезде Соболенкодан ұтылды.