"Цифрлық паспорт жасау қажет": Тоқаев волонтерлердің бастамасын қолдады

Қазақстанда еріктілер саны 300 мыңға жетті
Sputnik
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда әрбір волонтердің цифрлық паспорты жасалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Президент Тоқаев бұл бастаманы бүгін волонтерлер форумында қолдады.
"Цифрлық паспорт жасау қажет": Тоқаев волонтерлердің бастамасын қолдады
"Мен Жолдауымда Қазақстан үш жыл ішінде толық цифрлық ел болуға тиіс деген міндет қойдым. Соған сәйкес нақты жұмыс істеліп жатыр. Ел өмірінің барлық саласына озық технология тәсілдері, әсіресе, жасанды интеллект жүйесі енгізіле бастады. Еріктілер қозғалысы да бұл жұмыстан шет қалмауы керек. Мен волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты толық қолдаймын", - деді мемлекет басшысы.
"Цифрлық паспорт жасау қажет": Тоқаев волонтерлердің бастамасын қолдады
Бүгінде Қазақстанда еріктілердің саны артып келеді. 2020 жылы олардың саны 50 мың адам болса, бүгінде 300 мыңға жетті. Елге пайдалы жұмыспен айналысатын ұйымдардың саны төрт есеге жуық өсіп, 800-ден асты.
"Цифрлық паспорт жасау қажет": Тоқаев волонтерлердің бастамасын қолдады
Қазіргі таңда еріктілеріміз экология, білім, мәдениет және басқа да салалар бойынша маңызды бастамалар көтеруде. Соның ішінде "Жас ағаш", "Эко бақылау", "Білім волонтерлері" жобаларын ерекше атап өтуге болады",- деп атап көрсетті Тоқаев.
Қазақстанда волонтерлердің саны 300 мыңға жетті