Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украина мәселесі бойынша бейбітшілікке қол жеткізілетініне сенім білдірді

Ол Ресейдің Украинадағы қақтығысты шешуге дайындығы бойынша түсініктеме берді
Sputnik
АСТАНА, 30 қаңтар-Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп бейітшілікке қол жеткізілетініне сенім білдірді, деп хабарлайды РИА Новости.
Ол Ресейдің Украинадағы қақтығысты шешуге дайындығы бойынша түсініктеме берді.
"Біз бейбітшілікке қол жеткіземіз", - деді Трамп журналистерге Ресей президенті Владимир Путиннің Украинадағы қақтығысты шешуге дайындығын қалай бағалайды деген сұраққа.
Ол сондай-ақ Ресей Киевке және Украинаның басқа қалаларына соққыларын тоқтата тұруы мүмкін деп мәлімдеді. АҚШ сол үшін риза, деді Трамп.
"Ресей осы өте суық ауа райына байланысты біраз уақыттан бері (Украина бойынша - Sputnik) оқ атпады. Біз мұны өте жоғары бағалаймыз", — деді Америка президенті.
Сонымен бірге, Трамп Путинге бір апта ішінде Киевке және Украинаның бірқатар басқа қалаларына соққы бермеу туралы өтінішпен жеке өзі жүгінгенін айтады. Ол сондай-ақ қақтығысты бейбіт жолмен шешу мәселесінде үлкен прогреске назар аударды.
"Менің ойымша, бұл жерде айтарлықтай прогресс бар (Украина келіссөздерінде - Sputnik)", — деп қорытындылады Ақ үй басшысы.
23 қаңтарға қараған түні Абу-Дабиде Мәскеу, Киев және Вашингтон өкілдерінің қатысуымен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үшжақты жұмыс тобының алғашқы кездесуі өтті. Тараптар жабық режимде американдық бейбітшілік жоспарының шешілмеген мәселелерін талқылады.
Жаңа кездесу 1 ақпанға жоспарланған. Мемлекеттік хатшы Марко Рубионың айтуынша, ол екі жақты болады, бірақ АҚШ қатысушыларға қосыла алады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ Украинаны бір жылдан астам уақыт бойы қолдамады - Каллас