АСТАНА, 30 қаңтар - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс қызметінде лицензия беруде заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Облыстағы құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру кезінде өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Лицензиялар өтініш берушілердің міндетті біліктілігі сай болмаса да берілген.
"Көптеген ұйым лицензияларды рәсімдеу кезінде бірдей өндірістік базалардың мекенжайларын және бірдей растайтын құжаттарды пайдаланған. Рұқсаттарды алғаннан кейін мұндай субъектілер белгіленген талаптарға сәйкес келмеген, бұл бақылаудың қағаз жүзінде ғана болғанын көрсетеді", - дейді прокуратурада.
Сондай-ақ кадрлық құрамды растау кезінде де заң бұзушылықтар анықталды. Лицензиялар білімі мен өтілі бойынша талаптарға сәйкес келмейтін инженерлік-техникалық қызметкерлердің сертификаттары негізінде берілген.
Заңды белден басқан 50 адам "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 464-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.