"Богатырь-Көмір" жұмысшысы өндірістегі төтенше жағдайдан кейін көз жұмды

Медицина қызметкерлері оның өмірін сақтап қалуға бағытталған барлық қажетті шұғыл емдеу және реанимациялық шараны жүргізген
Sputnik
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысында "Богатырь-Көмір" ЖШС жұмысшысы өндірістегі төтенше жағдайдан кейін қайтыс болды.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметі бойынша, 44 жастағы ер адам Екібастұз ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілген.
Медицина қызметкерлері оның өмірін сақтап қалуға бағытталған барлық қажетті шұғыл емдеу және реанимациялық шараны жүргізген.
"Алайда алған жарақаттардың сипаты мен дәрежесін ескере отырып, науқас 29 қаңтарда есін жимай қайтыс болды", - деп хабарлады департаментте.
Облыстық полицияның мәліметі бойынша, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.
Қостанай облысындағы шахтада жарылыс болып, бір адам зардап шекті