Балаларды психологиялық диагностикадан өткізетін платформа құрылады

Жаңа платформа психологиялық және мінез-құлық тәуекелдерін жүйелі түрде анықтайды
Sputnik
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда балаларды психологиялық диагностикалау және сүйемелдеу бойынша бірыңғай цифрлық платформа құрылады, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
"Жоба қауіп-қатерлерді ерте анықтауға, психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға және баланы қорғау жүйесінде педагог-психологтардың рөлін күшейтуге бағытталған", - дейді министрлік.
Жаңа платформа психологиялық және мінез-құлықтық тәуекелдерді жүйелі түрде анықтайды. Баланың психоэмоциялық жағдайының динамикасын бақылайды. Қолдауды қажет ететін балаларды үздіксіз әрі нысаналы түрде сүйемелдейді:
білім беру ұйымдарында балалардың әлеуметтік-эмоциялық дағдыларын дамытуға бағытталған педагог-психолог сағатын енгізу;
зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттерін ашу;
ел бойынша педагог-психологтарға арналған бірыңғай кәсіби стандарттар мен біліктілік талаптарын қайта қарау;
мамандардың біліктілігін міндетті түрде арттыру;
кейс-менеджмент институтын дамыту, бұл ретте педагог-психолог бала мен отбасын кешенді сүйемелдеудің негізгі қатысушысына айналады;
қылмыстық процесс аясында, зардап шеккен балалар мен зорлық-зомбылықтың куәгерлерін сүйемелдеуде психологтардың міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету.
Бұл әрбір балаға уақтылы, кәсіби және үздіксіз психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, дейді министрлік.
Астанада жасанды интеллект оқушылардың сабақ алдындағы көңіл күйін анықтауға көмектеседі