Алматы облысында су үнемдеу технологияларын енгізуге 27,6 млрд теңге қарастырылған

2026-2028 жылдары республика бойынша жалпы сипаттағы трансферттер аясында су үнемдеу технологияларын енгізуді қолдауға және суару суының құнын субсидиялауға 228,2 млрд теңге қарастырылған
Sputnik
АСТАНА, 30 қаңтар - Sputnik. Қанат Бозымбаев су үнемдеу, күріш егісін шектеу және су қоймаларының құрылысын бақылау Алматы облысын аралады, деп хабарлады үкімет.
Вице-премьер Күрті су қоймасынан суды заңсыз алудың жолын кесуге ерекше назар аударуды тапсырды.
"Суару маусымында тұрақты су пайдалануды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру шаралары көзделген. 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес, Алматы облысында күріш егісінің жалпы аумағы 5,8 мың гектардан аспауы тиіс", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы 2030 жылға дейін Қазақстандағы 1,3 млн гектар суармалы жерді су үнемдеу жүйелерімен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде Алматы облысы бойынша көрсеткіш – 186,6 мың гектар.
"Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 2026-2028 жылдары республика бойынша жалпы сипаттағы трансферттер аясында су үнемдеу технологияларын енгізуді қолдауға және суару суының құнын субсидиялауға 228,2 млрд теңге қарастырылған. Бұл алдыңғы үш жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Оның ішінде Алматы облысына 27,6 млрд теңге бекітілген", - дейді үкіметте.
Сонымен қатар Бартоғай су қоймасын реконструкциялау жобасын әзірленіп жатыр. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 270 шақырым болатын топтық су құбыры мен төрт магистральдық канал салу жоспарланған. Үлкен Алматы каналының учаскелерін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жамбыл облысындағы 70-тен астам су арнасына жөндеу жұмыстары жүргізіледі