АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы юниорлар арасындағы Australian Open турнирінде жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ширек финалда қазақстандық спортшы Гонконгтан келген Кай Томсонмен кездесіп, бірінші сетте 3:6 есебімен ұтылса да, одан кейінгі екі сетте (7:6 (4), 6:4) қарсыласынан басым түсті.
Осылайша, Заңғар Нұрланұлы алғаш рет Australian Open ашық чемпионатының жартылай финалына шығып отыр.
Бүгінде 17 жастағы теннисші әлем рейтингісінде 12-ші орынды алып тұр.
Айта кетері, бұған дейін Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалына шыққан болатын.