Жетісу облысында аудан әкімінің орынбасары сотталды

Оған 189 млн теңгеден астам бюджет қаржысын жымқыру бойынша айып тағылды
Sputnik
АСТАНА, 29 қаңтар - Sputnik. Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімінің орынбасары сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.
Электр желілерін салу және қайта жаңғырту кезінде аудан әкімінің орынбасары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, іс жүзінде орындалмаған жұмыстар туралы актілерге қол қойған.
Салдарынан бюджет есебінен 189 млн теңгеден астам сома заңсыз аударылған.
Әкім орынбасарына "Ауыр салдарға әкеп соққан қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша айып тағылды. Кінәсі толық дәлелденген.

"Алакөл аудандық сотының үкімімен аудан әкімінің орынбасары 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды", - дейді сот.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Абай облысында бюджет қаражатын жымқырған ауылдық округтің бұрынғы әкімі сотталды