АСТАНА, 29 қаңтар - Sputnik. Қазақстан мен БАӘ компаниялары жалпы сомасы 335 млн АҚШ долларын құрайтын шамамен 20 ынтымақтастық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстан мен БАӘ компаниялары 335 млн доллардың құжатына қол қойды
Қазақстанның агроөнеркәсіптік экспортын дамыту және салаға инвестиция тарту мәселелері туралы дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға қазақстандық агробизнес өкілдерімен қатар Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия және Қытайдың іскер топтарының өкілдері қатысты. Шетелдік бизнес-қоғамдастық өкілдеріне Қазақстан АӨК-нің экспорттық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.
Қазақстан мен БАӘ компаниялары 335 млн доллардың құжатына қол қойды
Дөңгелек үстел қорытындысында жалпы сомасы 335 млн АҚШ долларын құрайтын шамамен 20 ынтымақтастық келісімге қол қойылды. Қатысушылар қол жеткізілген уағдаластықтар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге берік негіз болатынына, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы халықаралық әріптестікті нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
Қазақстан мен БАӘ компаниялары 335 млн доллардың құжатына қол қойды
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5,9%-ға артып, шамамен 20 млрд АҚШ долларына жетті.
Қазақстан мен БАӘ компаниялары 335 млн доллардың құжатына қол қойды
Айтарлықтай өсім соңғы бес жылда жеңілдетілген қаржыландыру көлемінің он есе ұлғаюының арқасында қол жеткізілді, 2025 жылы 3 млрд АҚШ долларына дейін, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 4 млрд АҚШ долларына жеткізу жоспарланып отыр.