Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киев Еуроодақтан 1,5 триллион еуродан бөлек қаражат талап етіп отыр - Сийярто

Бұған дейін АҚШ пен Еуроодақ қақтығыстан кейін Украинаны қалпына келтіруге көмектесу үшін 800 миллиард доллар тартуды көздеп отырғаны хабарланды
Sputnik
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Еуроодақ Украинаға даулы 1,5 триллион еуро бөлуді орындалған факті ретінде қарастырып жатқанымен, Киев тағы да қаржылық талаптарды қойып жатыр, деп мәлімдеді Венгрияның сыртқы істер министрі Петер Сийярто.
"Олар бүгін Украинаны қолдау бағдарламасына бөлінген 1,5 трлн еуроны факт ретінде айтып қана қоймай, Брюссельде біз украиналықтарға мемлекетті қолдау үшін 800 миллиард еуро, армиясына 700 миллиард еуро, яғни барлығы 1,500 миллиард еуро беретінімізді әдеттегідей қабылдап отыр... Бірақ бүгін Брюссель-Киев одағы бұған қоса жаңа, одан да жоғары қаржылық талаптарды ұсынды", - деді Сийярто ЕО Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысынан кейін венгр журналистеріне.
Бұған дейін АҚШ пен Еуроодақ қақтығыстан кейін Украинаны қалпына келтіруге көмектесу үшін 800 миллиард доллар тартуды көздеп отырғаны хабарланды.
18 беттен тұратын құжат Украинаның қалпына келуіне және Еуроодақтағы мүшелікке тез жол ашылуына кепілдік беретін он жылдық жоспар ретінде қарастырылады. Үш еуропалық шенеуніктің айтуынша, Еуропалық комиссия құжатты бейсенбі күні кешке өткен көшбасшылар саммиті қарсаңында жариялаған.
Бұл жоспар АҚШ Мәскеу және Киевпен келісуге тырысып жатқан 20 тармақтан тұратын бейбітшілік келісімінің бөлігі болып табылады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Франция Украинаның Еуроодақ несиесіне қанатты зымырандар сатып алуына қарсы - БАҚ