АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев пен Иранның Сыртқы істер министрінің орынбасары Хамид Ганбари ЕАЭО мен Иран арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері туралы талқылады.
Иран Шымкентте өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады
© Photo : Пресс-служба ЕЭК
Тараптар орта мерзімді перспективаға арналған Жол картасын орындау бойынша белсенді бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Оған былтыр күзде бірлескен комитеттің бірінші отырысы барысында қол қойылған болатын.
"Біздің елдер арасындағы сауданың әлеуеті зор, орта мерзімді перспективада еркін сауданың толық форматты режимі жағдайында тауар айналымы кемінде екі есе ұлғаюы мүмкін деп күтеміз", – деді Андрей Слепнев.
Иран Шымкентте өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады
© Photo : Пресс-служба ЕЭК
Сондай-ақ ол Иранның биыл наурызда Шымкентте өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және мамыр айында Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық форумның отырыстарына байқаушы мемлекет ретінде қатысуының маңызды екенін айтты.
Иран Шымкентте өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады
© Photo : Пресс-служба ЕЭК
Еуразиялық экономикалық одақ 2016 жылы Иранмен еркін сауда аймағы туралы келіссөздердің басталуын мақұлдады. 2024 жылдың желтоқсанында Иран ЕАЭО-да бақылаушы мәртебесін алды.
ЕАЭО елдері мен Иран арасындағы еркін сауда туралы келісім тауарлардың, атап айтқанда, дәнді дақылдардың 85%-дан астамы үшін импорттық кедендік баждарды жоюды көздейді. Сондай-ақ, Иран жүгері, қарақұмық, шоколад, күнбағыс майы, тыңайтқыштар мен ауылшаруашылық техникаларына кедендік баж салығын алып тастайды.