Елена Рыбакина екінші рет Australian Open финалына шықты

Жартылай финалда Рыбакина әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған америкалық Джессика Пегуламен кездесті
Sputnik
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның теннисшісі Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жартылай финалда Рыбакина әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған америкалық Джессика Пегуламен кездесті. Екі сетке созылған матчта қазақстандық спортшы қарсыласын 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңді. Соңғы сет тай-брейкпен аяқталды.
Финалда Елена беларус спортшысы Арина Соболенкомен бас жүлде үшін таласады. Соболенко WTA рейтингісінде бірінші орында, ал Рыбакина бесінші орында тұр.
Айта кетері, бұған дейін 2023 жылы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалына шыққан болатын. Бірақ Соболенкодан ұтылған.
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына өтті