Chevron Теңізде апаттардың алдын алуға уәде берді

Роман Скляр "Шеврон" корпорациясының директорымен кездесу өткізді
Sputnik
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр "Шеврон" корпорациясы Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесспен кездесу өткізді.
Роман Скляр "Шеврон" корпорациясының директорымен кездесу өткізді
Кездесу барысында тараптар мұнай-газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.
Роман Скляр "Шеврон" корпорациясының директорымен кездесу өткізді
Келіссөздер кезінде Қазақстан-Америка энергетикалық серіктестігінің флагманы саналатын Теңіз жобасына ерекше назар аударылды.
"Дерек Магнесс Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың арқасында Теңіз жобасы бойынша маңызды өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті. "Шеврон" өкілі реттеуші ортаның болжамдылығын және мемлекеттік органдармен конструктивті іс-қимылды ерекше атап өтіп, бұл ұзақмерзімді инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді", - делінген хабарламада.
Роман Скляр Теңіз кенішінде орын алған және өндірістің уақытша тоқтап қалуына әкеп соқтырған оқиғаларға байланысты алаңдаушылық білдірді.
Роман Скляр "Шеврон" корпорациясының директорымен кездесу өткізді
"Шеврон" басшылығы оқиғалардың салдарын жою және мұнай өндіруді кезең-кезеңімен арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті. Сондай-ақ "Шеврон" басшылығы болашақта мұндай жағдайларға жол бермеу және нысандардың сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша нақты іс-қимылдар жасалатынына сенім білдірді.
Тараптар ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты одан ары дамытуға дайын екендіктерін жеткізді.
Скляр "Газпром" басқарма төрағасы Миллермен кездесті