Беларусьте ҰҚШҰ-ның екі оқу-жаттығуы өтеді

Оқу-жаттығулар биыл қазан айында өтеді
Sputnik
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. ҰҚШҰ-ның "Мызғымас бауырластық" оқу-жаттығуы мен "Тосқауыл" биоқауіптерді жою жөніндегі арнайы оқу-жаттығуы қазан айында Беларусьте өтеді, деп хабарлады ұйымның жаңа Бас хатшысы Таалатбек Масадықов.
Ұйымның Бас хатшысы мұны "Союзники. ОДКБ" басылымына берген сұхбатында хабарлады.
"Мызғымас бауырластық" жаттығуларында контингенттерді қайта топтастыру, ұжымдық бітімгершілік операцияларды жүргізу пысықталады.
Былтыр ҰҚШҰ елдері 14-19 қазан аралығында Тәжікстанда бітімгершілік күштерімен бірлескен "Мызғымас бауырластық - 2025" оқу-жаттығуын және "Тосқауыл-2025" медициналық қамтамасыз ету және радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау бойынша арнайы оқу-жаттығуын өткізді. "Тосқауыл" оқу-жаттығуы алғаш рет өткізілді.
2025 жылы жаттығуға жалпы саны 1,5 мыңға жуық әскери және 200-ден астам әскери және арнайы техника қатысты. Оның ішінде алты тікұшақ және 20-дан астам ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды.
ҰҚШҰ хатшылығында ұйымға Ресей төрағалығының басымдықтары талқыланды