Астанадағы көпірде жол апатынан екі адам көз жұмды

Жол апатына түскен көліктердің бірі жалға алынған
Sputnik
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Астанадағы көпірде жол апаты болып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға Сарайшық көшесінде болды.
Toyota жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетті. Lada және Skoda көліктерімен соқтығысқан.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді полиция.
Жол апатына түскен көліктердің бірі жалға алынған.
Осыған байланысты көлік құралын ұсынған компанияға қатысты заңнама талаптарының сақталуын тексеру жүргізіледі. Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетін болады, дейді елорда полициясы.
"Ақтөбе – Орынбор" тас жолында төрт адам көз жұмды