Алматыда 203 млрд теңгеден астам қаржылық бұзушылықтар анықталды

Қаланың бюджет қаражаты мен активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді
Sputnik
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Жоғары аудиторлық палата Алматы қаласында жүргізген аудит қорытындысын шығарды. Қандай кемшіліктер анықталды, Sputnik Қазақстан айтады.
Алматы қаласында бюджет қаражаты мен активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Алматыда 203 млрд теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды
Тексеріс барысында жоспарлау, басқару және бақылау саласында кемшіліктер мен жекелеген бұзушылықтар анықталды.
Бюджеттік инвестициялық жобалар санының 2022 жылғы 365-тен 2025 жылы 529-ға дейін өсуіне қарамастан, оларды іске асыруда кемшіліктер бар.
"Мысалы, 2021 жылы жасалған Жас Қанат шағын ауданында 41 көппәтерлі үй салу жобасы бойынша аудит кезінде 7 үй құрылысы аяқталмаған, ал тағы 12-сі іргелес аумақтың абаттандырылмауына байланысты коммуналдық меншікке берілмеген", - дейді Жоғарғы аудиторлық палата.
Алматыда 203 млрд теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды
Тексеріс барысында қалалық мобилділік басқарма 2022-2025 жылдары тасымалдаушыларға 2,3 млрд теңгеге негізсіз субсидиялар төлеген.
Құрылыс тығыздығы сақталмағандықтан инженерлік және көлік инфрақұрылымына жүктеме ұлғая түскен. Сондай-ақ қала тұрғындары үшін әлеуметтік игіліктерге қолжетімді болмаған.
""Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметі тиімсіз жұмыс істейді. Мәселен, тұрғын үй құрылысына арналған шамамен 30 млрд теңге бюджеттік инвестициялар үш жылға жуық игерілмеген күйінде қалып отыр", - дейді ведомство.
Алматыда 203 млрд теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация азық-түлік бағасын тұрақтандыруға толық көлемде қол жеткізе алмаған.
"Жалпы аудит қорытындысы бойынша 203 млрд теңгеден астам сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тексеру жүргізу кезінде оның 26 млрд теңгеден астамы өтелді, сондай-ақ есепке алу бойынша және жұмыстарды орындау жолымен 83 млрд теңгеден астамы қалпына келтірілді", - дейді Жоғарғы аудиторлық палата.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 417 факт бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға берілді.
24,2 млрд теңге тиімсіз жоспарланған: ғылым саласына аудит жүргізілді