Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп АҚШ Украинадағы жағдайды реттеуге қол жеткізе алатынына сенім білдірді

Sputnik
АСТАНА, 28 қаңтар - Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ Украинадағы қақтығысты шешуге қол жеткізе алатынына тағы да сенім білдірді. Бұл туралы РИА новости жазды.
"Ресей мен Украина туралы айтатын болсақ, біз оны да ретке келтіре аламыз деп ойлаймын, біз сегіз соғысты аяқтадық", - деді ол Fox News-ке берген сұхбатында.
Өткен сенбіде Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабидегі Ресей, АҚШ және Украина өкілдерінің қатысуымен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үшжақты жұмыс тобының келіссөздерінің екінші күні аяқталды.
БАӘ Үкіметі кездесуді оң және сындарлы деп бағалап, Ресей Федерациясы мен Украина делегацияларының тікелей байланыста болғанын атап өтті.
Америка президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф кейінірек Ресей Федерациясы, АҚШ және Украина осы аптада Абу-Дабиде келіссөздерді жалғастыруға келісті деп мәлімдеді.
Axios порталының журналисі Барак Равид американдық шенеунікке сілтеме жасай отырып, келіссөздер алдағы жексенбіде қайта басталуы мүмкін деп хабарлады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина СІМ басшысы Зеленскийдің Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді