АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Қазақстан мен Ресей "Протон-М" зымырандарының пайдалану мерзімін 2032 жылға дейін ұзарту туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.
Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Sputnik Қазақстанға бұл ақпаратты растады.
"Протон-М" - ғарыш кемелерін Жердің төменгі орбитасына және ұшу траекторияларына шығаруға арналған ресейлік ауыр санаттағы зымыран тасығыш. Бұған дейін "Протон-М" зымырандарын 2026 жылға дейін пайдаланудан шығару жоспарланған болатын.