АСТАНА, 26 қаңтар - Sputnik. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының индексі өскен жоқ, деп хабарлады үкімет.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының бір аптадағы жағдайы қаралды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша орташа баға өсімінің индексі апта қорытындысы бойынша нөл деңгейінде сақталды.
"Алма (-2,1%), қияр мен пияз (-1,3%), шай (-0,9%), балық пен тауық еті (-0,6%) және басқа да азық-түлік өнімдерінің бағасы арзандаған. Маусымдық факторға байланысты өзгедей әлеуметтік маңызы бар көкөністер бойынша баға құбылмалы болды", - деп жазылған хабарламада.
Сауда және интеграция министрлігі биылғы сәуір-маусым айлары аралығында үшінші елдерден көкөністерді бажсыз әкелу туралы ұсынысты ЕАЭО Кеңесінің қарауына шығару туралы бастама көтеріп отыр.
Жиындай айтылғандай, елордада азық-түлік инфляциясының баяулау үрдісі тұрақты сақталып отыр. Алматы қаласында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 8,9%-ды, ал биылғы жылдың басынан бері 0,2%-ды құрады.