АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
27-29 қаңтар күндері оңтүстік циклон шығысқа қарай жылжып, республиканың басым бөлігін қамтиды.
"Ел аумағында қар жауады, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі. Кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болып, жел күшейеді", - дейді синоптиктер.
Ал солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтар антициклонның ықпалында болады. Бұл өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бірақ аяз күшейеді.
Мәселен, батыс және солтүстік облыстарда түнгі ауа температурасы -20…-35°С шамасында болады. Артынан күн жылынады, түнде -7…-20°С-қа дейін, күндіз -2…-12°С-қа дейін.
Ал орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы төмендейді. Түнде -3…-18°С, таулы аудандарда -15…-23°С, күндіз 0…-7°С, таулы жерлерде -8…-15°С болады.