Серік Сәпиев орынбасарымен не себепті жанжалдасқаны туралы айтып берді

Чемпионның мәлімдеуінше, оның орынбасары Дәурен Есімхановпен болған жанжал жеке немесе тұрмыстық сипатта болмаған
Sputnik
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Серік Сәпиев орынбасарымен не себепті жанжалдасқаны туралы айтып берді.
Ол өзінің әлеуметтік парақшасында мәлімдеме жасады.
Чемпионның мәлімдеуінше, оның орынбасары Дәурен Есімхановпен болған жанжал жеке немесе тұрмыстық сипатта болмаған.
"Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді", - деді Сәпиев.
Олимпиада чемпионы арандатушылық оның қазақстандық спортта жүйелі реформаларды жүзеге асыруға деген шешіміне әсер етпейтінін атап өтті.
Еске сала кетейік, 23 қаңтарда желіде бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен джиу-джитсудан әлем чемпионы Дәурен Есімханов арасында жанжал туындаған болатын.
Серік Сәпиев орынбасарымен төбелесіп қалды - видео