АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Бір күн бұрын Рудныйда адамды пышақтап өлтірген екі жасөспірім Көкшетау қаласында ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қостанай облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, екі күдікті бүгін шұғыл іздестіру шаралары кезінде қолға түсті. Ал қылмыс кеше Рудный қаласындағы көппәтерлі үйдің кіреберісінде жасалған. Сол жерде пышақ жарақатынан қайтыс болған 19 жастағы жігіттің денесі табылды.
"Жастар бір-бірімен таныс болған. Олардың арасындағы жанжалдың арты адам өлімімен аяқталды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер 16-17 жаста.
Айта кетері, адамдар тобы алды ала сөз байласу арқылы кісі өлтіргені үшін 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.