АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау және Атырау облыстарында электр қуатымен жабдықтауда шектеу енгізілгені жөніндегі ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.
KEGOC АҚ интернеттегі хабарламаларға түсініктеме берді.
Компанияда 23-24 қаңтарда өнеркәсіптік тұтынушыларға немесе халық тұтынуына ешқандай шектеулер енгізілмегенін мәлімдеді.
"Уақытша шектеулер тек цифрлық майнинг саласында жұмыс істейтін компанияларға ғана қолданылды және Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына әсер етті", - деп хабарлады KEGOC.
Енгізілген шаралар нысаналы болды және халықты немесе әлеуметтік маңызды нысандарды электр қуатымен жабдықтауға әсер еткен жоқ, деп растады компанияда.