Италия елшілігі визаға қатысты маңызды хабарландыру жасады

Бүгінде Италияға барғысы келетін адамдар көп
Sputnik
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Астанадағы Италия елшілігі визаға қатысты маңызды хабарландыру жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
12-18 ақпан күндері жоспардан тыс техникалық жұмыстарға байланысты визаға берілген өтініштерді өңдеу жүйесі жұмыс істемейді. Осыған байланысты Астатанда өтініштерді қабылдаудың соңғы күні 11 ақпанға белгіленіп отыр. Ал Атырау, Алматы, Шымкент пен Өскемендегі VFS Global орталығында 6 ақпанға дейін қабылданады.
"18 ақпанда визалық өтініштерді қабылдау мен өңдеу штаттық режимде қайта басталады", - дейді елшілік мамандары.
Айта кетері, бүгінде Италияға барғысы келетін адамдар көп. 6 ақпанда Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары басталады. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.
Қазақстан "алтын виза" беруді бастайды