Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды

Бұған дейін базалық мөлшерлеме 18 процентке көтерілген болатын
Sputnik
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені сол күйінде қалдыруға шешім қабылдады , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін базалық мөлшерлеме 18 процентке көтерілген болатын.
"Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, базалық мөлшерлемеге қарай депозиттердің мөлшерлемесі де өзгеріп тұрады. Бірақ кредиттер де қымбатқа түседі.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені инфляцияны ескере отырып бекітеді.
Базалық мөлшерлеме әлі де көтерілуі мүмкін – Сүлейменов