АСТАНА, 23 қаңтар - Sputnik. Астанада 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Астана қаласында ауа райына байланысты екінші ауысымдағы 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды.
"2026 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", – дейді ведомство.