Қарағандыда дәмханада газ жарылып, 4 адам зардап шекті

Sputnik
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданында газ жарылып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 22 қаңтар күні Ермеков көшесінде жеке тұрған жылдам тамақтану кафе-дүңгіршегінде болған.
"Сыйымдылығы 17 литрлік газ баллонындағы газ-ауа қоспасы жарылған. Соның салдарынан дүңгіршектің ішкі және сыртқы қаптамасы, жиһаздары мен тұрмыстық техникасы жанған. Өрт 30 шаршы метр аумақты қамтыды", – деп хабарлады өрт сөндірушілер.
Төтенше жағдайлар департаменті күштері дүңгіршектен сыйымдылығы 27 литр болатын екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.
Күйік жарақатымен төрт адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, екі адам зардап шекті